18 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №170

255 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
2015 жылғы 24 ақпан,  Астана қаласы Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды және Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 3-1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев): 1) осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазакстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б.СҰЛТАНОВ. 2015 жылғы 30 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі ________________ И.ТАСМАҒАМБЕТОВ. 2015 жылғы 8 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ________________ Қ.ҚАСЫМОВ. 2015 жылғы 15 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №170 бұйрығына 1-қосымша Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған және құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асыратын көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру тәртібін анықтайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дайындаушы – өткізу не жекеменшік пайдалану үшін айналымға шығару ниетімен көлік құралын (шассиді) немесе оның құрауыштарын дайындауды жүзеге асыратын тұлға; 2) көлік құралының санаты – «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінде (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарды белгілеу мақсатында қолданылатын көлік құралының жіктеу сипаттамасы; 3) көлік құралының типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылған көлік құралдарының КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат; 4) көлік құралының (шассидің) типі - бір дайындаушы дайындаған, техникалық сипаттауда белгіленген жалпы конструктивтік белгілері бар көлік құралдары (шассиі); 5) құзыретті орган – 1958 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасалған (бұдан әрі - 1958 жылғы Женева келісімі), Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім және КО ТР 018/2011 шеңберінде құзыретті органның қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган; 6) сәйкессіздік - белгіленген талаптың орындалмауы; 7) сәйкестендіру - көлік құралында (шассиде) немесе оның компоненттерінде бар зауыттық таңбаның және көлік құралын (шассиді) және оның компоненттерін бөлшектемей өткізілетін өтініш беруші тапсырған құжаттамадағы немесе сәйкестікті растайтын құжаттардағы деректердің бірдейлігін белгілеу; 8) техникалық қызмет - 1958 жылғы Женева келісімі шеңберінде көлік құралының типін ресми бекітуге арналған сынақты жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйым; 9) техникалық хатшылық – көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын ұйым; 10) типтің ресми бекітілгені туралы хабарлама – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық кеңесі қағидаларының талаптарына көлік құралдарының немесе оның компоненттерінің сәйкестігін куәландыратын, 1958 жылғы Женева келісімі негізінде берілетін құжат; 11) шасси типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылатын шассидің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. 2. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру тәртібі 3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеруді құзыретті органның техникалық хатшылығы жүзеге асырады. 4. Сәйкестікті растау жөніндегі орган қағаз және электрондық тасымалдағышта (PDF форматында) мынадай құжаттарды ұсынады: 1) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолы және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі бар көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасы; 2) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолдары және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі бар көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың көшірмесі (көшірме қол қойылмаған және мөртабан басылмаған құжаттан құжатты бланкіге шығарғаннан кейін көшіріледі, содан кейін құжаттың түпнұсқасына қол қойылады және ұқсас мөртабан басылады); 3) сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге берілетін өтінімнің көшірмесі; 4) өтінім бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган шешімінің көшірмесі; 5) сәйкестікті растау жөніндегі орган қорытындысының көшірмесі (ұсынылған құжатты ресімдеу кезінде қолданылатын рәсімге байланысты КО ТР 018/2011 40, 60, 65-тармақтарына сәйкес); 6) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының ережелерін ескере отырып ресімделген көлік құралдарының (шассидің) жалпы техникалық сипаттамасының көшірмесі; 7) дайындаушының өндіріс жағдайын тексеру нәтижелері туралы сәйкестікті растау жөніндегі орган актісінің көшірмесі (көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды берер алдында тексерген жағдайда) немесе дайындаушының өндіріс жағдайын тексеруді талдау материалы, егер осындай тексеріс өткізілсе; 8) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.3-тармағына сәйкес, құжаттардың көшірмесі (басқа тараптың дайындаушысынан сатып алынатын шассидің немесе көлік құралдарының негізінде дайындалатын көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде); 9) КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.4-тармағына сәйкес құжаттардың көшірмесі (құрастырылуы өнеркәсіптік құрастыру режимінде құрастыру жиынтықтарынан жүзеге асырылатын көлік құралының типіне қатысты, бұрын сәйкестігін бағалау жүргізілген басқа өндірістің жағдайында дайындалатын конструктивтік ұқсамаларға қатысты алғаш өткізілетін сәйкестігін бағалау кезінде); 10) аккредиттелген сынақ зертханасы ресімдеген, КО ТР 018/2011 32-тармағында көзделген, жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелерінің хаттамасының көшірмесі (ресімдеу кезінде); 11) көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу кезінде жиынтық көлік құралын сәйкестендіру және сынау нәтижелері хаттамасының көшірмелері; 12) техникалық қызмет болып табылмайтын сынақ зертханасы ресімдеген немесе ресімдемеген жағдайда, сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін растайтын, көлік құралының типін мақұлдауларды ресімдеу негізі болып табылатын дәлелдемелік материалдардың көшірмелерін (типті ресми бекіту туралы хабарлама, сәйкестік сертификаты, 92/23/ЕЕС 2001/43/ЕС и 2005/11/ЕС Директивалармен енгізілген өзгерістерімен Еуропалық Одақ директивасы бойынша сынақтардың хаттамасы) және белгіленген талаптарға мәлімделген көлік құралдарының (шассидің) сәйкестік сертификаттарын ресімдеу үшін негіз болып табылатын конструкцияларды сынау немесе сараптама жүргізу хаттамаларының көшірмелерін ұсынады. Осы құжаттар КО ТР 018/2011 № 12 қосымшасының 1.1.2.2 - тармағын ескере отырып, егер оларды техникалық қызметтер бермеген жағдайда, ғана ұсынылады; 13) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасының көшірмесі. Барлық ұсынылатын көшірмелерді сәйкестікті растау жөніндегі орган куәландыруға тиіс. 5. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КҚТМ, ШТМ тіркеу журналында көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар электронды түрде тіркеледі. 6. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеруді олардың техникалық хатшылыққа келіп түскен күнінен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде техникалық хатшылық жүзеге асырады. 7. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру кезінде техникалық хатшылық тексереді: 1) Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын; 2) 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 232 Еуразиялық экономикалық кеңес Алқасының шешімімен бекітілген, қауіпсіздік талаптарымен өзгерістер енгізілген көлік құралдары құрастырылымының сәйкестігі туралы куәліктердің және көлік құралы құрастырылымының қауіпсіздігі туралы куәліктердің, берілген техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы, Көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бланкісін толтыру қағидаларына сәйкес көлік құралының типін мақұлдау бланкісі нысанынына толтырылу дұрыстығын; 3) сәйкестік сертификаттарының және сәйкестік туралы декларацияларының берілу заңдылығын анықтау мақсатында, Кеден одағының сынақ зертханалары (орталықтар) мен сертификаттау жөніндегі органдардың Бірыңғай тізілімінде сәйкестікті растау жөніндегі органдардың болуы. 8. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексерудің оң нәтижесі кезінде техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексерудің оң нәтижесі туралы еркін түрдегі анықтаманы бекіту үшін құзыретті органға көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды түпнұсқасымен бірге жібереді. 9. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар Қағидалардың 7, 4 тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып ұсынылған құжаттарды сәйкестікті растау жөніндегі органға күнтізбелік он бес күн ішінде қайтарады. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 1-қосымша Нысан Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың сәйкестендіру карточкасы Сәйкестікті бағалау жұмыстарын жүргізуге арналған өтінімді тіркеу нөмірі және күні … …№ Көлік құралының/шассидің таңбасы, типі Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету Көлік құралының/шассидің санаты … Көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың нөмірі … Қолданылу мерзімі … бастап … дейін Өтініш беруші Көлік құралын дайындаушы / Дайындаушының өкілі - көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету Дайындаушы көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың тиісті бағанынан алынған мәліметтерді көрсету Аталған типті көлік құралына бұрын берілген көлік құралының типін мақұлдаулар, шасси типін мақұлдаулар бұрын берілген құжаттың нөмірін көрсету / КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген / берілмеген Рәсімнің ерекшеліктері түзету / тарату / ұзарту / көлік құралының типін мақұлдаулардың / шасси типін мақұлдаулардың 3 жылға дейінгі мерзіммен / КО ТР 018/2011 35 т. сәйкес бір жылға дейін қолдану мерзімімен / КО ТР 018/2011 35 т. сәйкес КО шағын партиясына / КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін берілген КО шағын партиясына/ КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін ... дейінгі мерзіммен (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету) жеке шығарылатын көлік құралдары / көлік құралы (шасси) негізінде шығарылатын / құрастыру жинақтарынан алынған өнеркәсіптік құрастыру режимінде дайындалған Көлік құралын/шассиді дайындаушыны тіркейтін ел 1958 ж. Женева келісімінің қағдаласушы тарабы болып табылады / 1958 ж. Женева келісімінің қағдаласушы тарабы болып табылмайды. Өндіріс жағдайларының болуы туралы ақпарат сертификатталған сапа менеджменті жүйесі, өндіріс жағдайларын тексеру, дайындаушының инспекциялық тексеру актілері, өндіріс жағдайларының сипаттамасын талдау, (нақты жағдай ерекшеліктеріне байланысты түзету) Сертификаттау жөніндегі органмен келісілген бақылау сынақтарын жүргізу жоспарының болуы талап етілмейді / келісілді Сәйкестендіру және сынақ нәтижелері хаттамасының болуы иә / жоқ Тіркелген күні ... Сарапшы Т.А.Ә.А. (Қолы) құзыреттілігін растайтын құжаттың нөмірі, қолданылу мерзімі Сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысы ____________________________ қолы Т.А.Ә.А. М.О. Ескертпе: Сәйкестендіру карточкасы бір парақта орналасатындай форматтағы қаріп таңдалады. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларға 2-қосымша Нысан Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды тіркеуге арналған журнал р/с№ Көлік құры-лының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау № Сәй-кестікті растау жөніндегі органның атауы Өтінім беруші және оның мекенжайы Көлік құра-лының таң-басы Көлік құ-ралы-ның коммер-циялық атауы Көлік құ-ралы-ның типі Көлік құ-ралының санаты Техни-калық хатшы-лыққа келіп түскен күні Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеруді аяқтау күні Тек-серу мәр-тебесі 1. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №170 бұйрығына 2-қосымша Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылданған және көлік құралының типін мақұлдауларды шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу тәртібін анықтайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) көлік құралының типін мақұлдау - «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 Еуразиялық экономикалық комиссияның Шешімімен бекітілген 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі-КО ТР 018/2011) талаптарына бір типке жататын, айналымға шығарылған көлік құралдарының сәйкестігін куәландыратын құжат; 2) құзыретті орган – 1958 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасалған, Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және (немесе) пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған бірыңғай техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдар негізінде берілетін ресми бекітулерді өзара мойындау шарттары туралы келісім және КО ТР 018/2011шеңберінде құзыретті органның қызметін жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган; 3) техникалық хатшылық - көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды ресімдеу дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын ұйым; 4) шасси типін мақұлдау - бір типке жататын айналымға шығарылған шассидің КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер КО ТР 018/2011 сәйкес қолданылады. 2. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу тәртібі 3. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеуді құзыретті орган орындайды. 4. Техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіту және тіркеу үшін құзыретті органға сәйкестілікті растау жөніндегі орган басшысының немесе оның уәкілетті тұлғасының қолдары қойылған және сәйкестікті растау жөніндегі органның мөрі басылған көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасын ұсынады. 5. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекітуді және тіркеуді құзыретті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін күнтізбелік он күн ішінде құзыретті орган жүзеге асырады. 6. Көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды бекіткеннен соң құзыретті орган көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың түпнұсқасын берілген көлік құралының типін мақұлдауларды, шасси типін мақұлдауларды, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктердің және 018/2011 «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты жою туралы тіркелген хабарламалардың бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) енгізу үшін және одан әрі өтінім берушіге беруге сәйкестікті растау жөніндегі органға ұсыну үшін техникалық хатшылыққа жібереді. 7. Техникалық хатшылық Бірыңғай тізілімге көлік құралының типін мақұлдаулардың, шасси типін мақұлдаулардың бекіту нөмірі мен күнін енгізеді, сондай-ақ бекітілген күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өзінің интернет-ресурсында көрсетілген ақпаратты орналастырады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11062 болып енгізілді.